Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Сафаров Кахраман Гулиевичке және травматология бөлімінің барша ұжымына кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен көрсеткен медициналық көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
Пациентке көрсеткен жылы қарым-қатынастарыңыз, қолдауларыңыз және денсаулығын қалпына келтіруге қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз.
Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! 🌷
Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! 💐
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасы
Травматология бөлімі