Skip to content
Шу көпсалалы орталық аудандық аурухана

Шу ауданы, Шу қаласы, Әбдікерімов көшесі, 17-үй

Басты бет / Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

ҚР ДСМ
2022 жылдың 24 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-27 бұйрығымен
Бекітілген cтандартқа 8 қосымша

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымның атауы және “электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғысы” веб -порталына нұсқау.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі –
1. көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – нысан бойынша қағаз түрінде
көшірме не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
2.порталға электрондық форматта жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы
қойылған электрондық құжат нысанындағы картасынан үзінді көшірме немесе мемлекеттік
қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері-тегін.
6. Жұмыс кестесі- көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 8.00- ден 17.00-ге дейін .
Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі- жеке куәлік және/немесе оның заңды өкілінің куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; “электрондық үкімет” порталы арқылы.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер – ұсынған құжаттардың анық еместігі.
9. Өзге де талаптар- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде – “1414”, 8-800-080-7777, 8-700-050-08-08.

ҚР ДСМ
2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен Бекітілген
Стандартқа 3 қосымша
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру және Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру туралы ақпарат

  1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:

1)Көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде);
2) “Электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал).

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы – құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық/қағаз түрінде.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері-тегін.
  5. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі-

1)еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа,дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін.

2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі- жеке куәлік және/немесе оның заңды өкілінің куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;”электрондық үкімет” порталы арқылы.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер- ұсынған құжаттардың анық еместігі.
  3. Өзге де талаптар- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде – “1414”, 8-800-080-7777, 8-700-050-08-08.

Пікір қалдырыңыз

Біздің емхана туралы пікіріңізді қалдырыңыз