Skip to content
Шу көпсалалы орталық аудандық аурухана

Шу ауданы, Шу қаласы, Әбдікерімов көшесі, 17-үй

Басты бет / ҚР Мемлекеттік рәміздері

ҚР Мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Өйткені, олар арқылы біздің Отанымызға деген сүйіспеншілік, сондай-ақ ар-намыс, ар-ождан, ел үшін жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтар қалыптасады. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар аясында Шу қалалық ауруханасының қызметкерлері барлық ұжыммен Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді»

         Н. Назарбаев

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні болып тойланады.


Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында күн сәулесі түсірілген, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген төртбұрышты көк түсті панно. Білікте ұлттық ою-өрнекті тік жолақ бар. Күннің, оның сәулелерінің, қыран құстың бейнесі және ұлттық ою-өрнек – алтын түсті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы шеңбер тәріздес және көгілдір фонда шаңырақтың бейнесі болып табылады, одан уықтар күн сәулесі түрінде жан-жақты тарайды. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақтардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, мифтік жылқылардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» жазуы – алтын түсті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде белгілі болған Қазақстанның әнұраны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламентінде бекітілген болатын. Ол алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты түрде ұлықтау рәсімі кезінде тыңдалды.

Сөздері – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!

Пікір қалдырыңыз

Біздің емхана туралы пікіріңізді қалдырыңыз