Перейти к содержимому
Шуская многопрофильная центральная районная больница

Шуский район, г. Шу, ул. Абдикеримова, д. 17

Нейроинсульт бөлімінде массаж — оңалтудың маңызды бағыттарының бірі

  • автор:

Инсульттен кейін науқастың қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруде, бұлшықет тонусын реттеуде және жалпы оңалту үдерісінде массаждың маңызы зор.

Нейроинсульт бөлімінің массаж мейірбикесі Каримова Жұпар әр науқастың жағдайын ескере отырып, дәрігердің тағайындауы бойынша массаж процедураларын жүргізеді.

🤲 Массаждың негізгі мақсаты:
* бұлшықет тонусын қалыпқа келтіру;
* қозғалыс белсенділігін жақсартуға ықпал ету;
* қан айналымын қолдау;
* буындардың қимыл-қозғалысын сақтау;
* науқастың оңалуына көмектесу.

💙 Бүгінгі оңалту жұмыстарының бірінде 80 жастағы апамыз мамандарға өз алғысын білдірді. Ем қабылдап, денсаулығы жақсарып, біртіндеп қалпына келіп, үйіне сауығып шығуға дайындалып жатыр.

🙏 Науқастың ризашылығы мен жақсы көңіл-күйі — медицина қызметкерлері үшін ең үлкен марапаттардың бірі!

Әр науқасқа — сапалы күтім, жылы қарым-қатынас және сауығуға деген үміт! 💙

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оставить отзыв

Оставьте отзыв о нашей поликлинике