«Жан жылуы» — жүректерге қуаныш сыйлаған концерт
Ерекше балаларға қуаныш пен шаттық сыйлау, олардың жүрегіне жылулық ұялату мақсатында «Жан жылуы» атты концерттік бағдарлама өтті.
🎶 Концерт барысында әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл күй мен жылы эмоцияларға толы сәттер сыйланды. Балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш — бұл күннің ең бағалы сыйы болды.
Әр бала — ерекше әлем, әрқайсысы мейірімге, қамқорлыққа және шексіз махаббатқа лайық. Оларға көңіл бөлу, қолдау көрсету және өздерін қоғамның ажырамас бөлігі ретінде сезіндіру — баршамыздың ортақ міндетіміз.
💖 Жан жылуы — жүректен жүрекке жететін мейірім.
Балалардың жүзінен күлкі, жүректерінен үміт, өмірлерінен қуаныш кетпесін!