🎉 70 ЖАС — АБЫРОЙЛЫ БЕЛЕС!
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының ардагерлері — Сафаров Кахраман Гулиевич пен Тұрғынбаев Тұңғыш Мухамеджанұлын 70 жас мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймыз! 🌿
Ел денсаулығын сақтау жолында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, мол тәжірибесімен кейінгі буынға үлгі болған ардагерлеріміздің еңбегі — зор құрметке лайық.
Мерейлі жастарыңыз құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әрдайым елдің ықыласы мен құрметіне бөленіп, ұрпақ қызығын көріп жүре беріңіздер! 💐
70 жас — өмірдің мәнді белесі, еңбектің жемісін көрер жарқын кезең болсын!
Ізгі тілекпен,
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының ұжымы.