🏥 Операция сәтті аяқталды!
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында жатырдан тыс жүктілік диагнозымен пациентке шұғыл операция жасалды.
Операцияны хирург Пак Станислав Леонидович пен гинеколог Штоль Алена Юрьевна сәтті орындады.
Операциялық бөлімшенің мейірбикесі Қашақ Айнұр Қанатбекқызы да операция барысында өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып, медициналық топтың үйлесімді жұмысына үлес қосты.
🤝 Бір мақсат, бір команда — пациенттің денсаулығы мен өмірі үшін!
Кәсібилік. Жауапкершілік. Жеделдік.
#ШуАуруханасы #Операция #Хирург #Гинеколог #Мейірбике #Медицина #БірКоманда
