ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! КАДР ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ!
Құрметті кадр қызметінің мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 🌷
Кадр қызметі — әрбір ұжымның тұрақтылығы мен ұйымшылдығын қамтамасыз ететін маңызды буын. Қызметкерлердің кәсіби әлеуетін бағалап, еңбек тәртібін үйлестіріп, мекеменің дамуына үлес қосып жүрген еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, абырой мен мерей тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, жетістікке және жағымды жаңалықтарға толы болсын! 💐
Ізгі тілекпен,
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының ұжымы! 🏥



