Skip to content
Шу көпсалалы орталық аудандық аурухана

Шу ауданы, Шу қаласы, Әбдікерімов көшесі, 17-үй

Шу ауданының әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасына арнайы келіп, ем қабылдап жатқан науқастардың хал-жағдайын сұрады

  • by

Шу ауданының әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасына арнайы келіп, ем қабылдап жатқан науқастардың хал-жағдайын сұрады.

Кездесу барысында аудан әкімі пациенттермен тілдесіп, олардың денсаулығына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Науқастар аудан әкімінің көңіл бөліп, жағдайларын сұрағанына алғыстарын білдіріп, ем-дом жасап жатқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.

Адам денсаулығы – басты құндылық. Сондықтан халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және әрбір пациентке жанашырлықпен қарау – біздің басты міндетіміз. ✨💡

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Пікір қалдырыңыз

Біздің емхана туралы пікіріңізді қалдырыңыз