Шу аудандық ауруханасында пациенттерді қабылдау жағдайын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа нысанның құрылысы басталды.
Жаңа ғимараттың жалпы алаңы 2 885,44 шаршы метрді құрайтын бір қабатты нысан болады.
Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың сәуір айында басталып, 2027 жылдың ақпан айында аяқталады деп жоспарланған.
Жаңа қабылдау бөлімінде пациенттерді қабылдау және алғашқы тексеру үдерісін тиімді ұйымдастыруға, шұғыл әрі диагностикалық медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық жағдай жасалады.
Бұл жоба — аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және заманауи талаптарға сай қолайлы жағдай қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. 🤍