💐 Пациент алғысы – дәрігерге үлкен мәртебе!
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында науқасқа жедел түрде аппендэктомия операциясы жасалып, медициналық көмек толық көрсетілді.
Операцияны хирург Пак Станислав Леонидович сәтті орындап, науқасқа қажетті ем-дом мен бақылау жүргізілді. Ем нәтижесінде пациенттің жағдайы жақсарып, бүгін ақ халатты жандарға алғысын білдіріп, үйіне шығарылды. ❤️
Науқастың ризашылығы – медицина қызметкерлері үшін ең үлкен марапаттардың бірі.
«Көрсеткен көмектеріңізге, кәсіби біліктіліктеріңізге және жылы қарым-қатынастарыңызға алғысымыз шексіз!» – деген жүрекжарды тілегін жеткізді пациент.
🩺 Пак Станислав Леонидовичке кәсіби еңбегі мен адам өміріне деген жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз!
Пациентімізге тезірек сауығып, зор денсаулық тілейміз! 🌿
#ПациентАлғысы #ДәрігерЕңбегі #Аппендэктомия #Хирург #ШуАуруханасы #Медицина