Мектепке дайындық – балаға қолдау
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға қолдау көрсетіліп, мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды. 🎒📚
Балаларға мектеп сөмкелері, оқу құралдары және басқа да қажетті заттар сыйға тартылып, аналарға ізгі тілектер айтылды.
Бұл – балалардың білімге деген қадамын қолдап, отбасыларға қуаныш сыйлауға бағытталған игі бастама.
Әр бала мектепке қуанышпен барып, сапалы білім алуға лайық! 💐
Жаңа оқу жылы сәттілікке, жақсы бағаларға және жарқын жетістіктерге толы болсын! 📖✨
