Шу ауданының әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасына арнайы келіп, ем қабылдап жатқан науқастардың хал-жағдайын сұрады.
Кездесу барысында аудан әкімі пациенттермен тілдесіп, олардың денсаулығына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Науқастар аудан әкімінің көңіл бөліп, жағдайларын сұрағанына алғыстарын білдіріп, ем-дом жасап жатқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.
Адам денсаулығы – басты құндылық. Сондықтан халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және әрбір пациентке жанашырлықпен қарау – біздің басты міндетіміз. ✨💡