🩺 ДӘРІГЕР — МАМАНДЫҚТАН ДА БИІК ҰҒЫМ
Бүгін – білімін адам өмірін сақтауға арнаған, әр шешімі мен әр әрекеті үлкен жауапкершілікті талап ететін дәрігерлердің кәсіби мерекесі.
Дәрігер болу – тек ақ халат кию емес.
Бұл – түн ұйқыңды бөліп, біреудің өмірі үшін алаңдау.
Бұл – қиын сәтте сабыр сақтап, науқасқа үміт сыйлау.
Бұл – күн сайын адам өміріне қызмет ету.
Құрметті дәрігерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! ❤️
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, әрбір пациенттеріңізден алғыс пен ақжолтай жаңалық тілейміз!
Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! 🌿
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасы
