Пациенттеріміздің алғысы — дәрігер еңбегінің ең үлкен бағасы!
Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында хирургиялық ем қабылдаған бір топ пациент сәтті операциядан кейін денсаулықтары жақсарып, үйлеріне шығарылды.
🔹 2 пациент — жедел аппендицит диагнозымен;
🔹 2 пациент — шап жарығы (паховая грыжа) диагнозымен хирургиялық ем алды.
Операцияларды сәтті жүргізген дәрігер-хирург Назиров Жанша Илимовичке пациенттер өздерінің шынайы алғыстарын білдіріп, көрсеткен кәсіби көмегі мен қамқорлығы үшін ризашылықтарын жеткізді. ❤️
Пациенттердің ақ тілегі мен жылы лебізі — медицина қызметкерлері үшін үлкен мотивация!
Барша пациенттерімізге зор денсаулық, тез сауығып, отбасыларына аман-есен оралуларын тілейміз! 🌿