Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасының неврология бөлімшесінде пациенттерге оңалту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.
Реабилитация барысында пациенттердің ұсақ моторикасын дамытуға, қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге, бұлшықет қызметін жақсартуға және күнделікті өмірге қажетті дағдыларын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар мен құралдар қолданылады.
Әрбір жаттығу – пациенттің денсаулығын қалпына келтіруге жасалған маңызды қадам. 💙
Басты мақсатымыз – пациенттердің өмір сапасын жақсартып, белсенді өмірге қайта оралуына қолдау көрсету! 🌿


