🤱 – Дүниежүзілік емізуді қолдау апталығы
Ана сүті – нәресте үшін ең құнды, табиғи әрі теңдесі жоқ қорек. Ол баланың дұрыс өсіп-жетілуіне қажетті барлық дәрумендер мен қоректік заттарды қамтып қана қоймай, иммунитетін нығайтып, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Емізу – сәби денсаулығына ғана емес, ананың денсаулығына да оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ана мен бала арасындағы ерекше эмоционалдық байланысты қалыптастырады.
💙 Есте сақтаңыз:
* Ана сүті – нәресте үшін ең жақсы тағам.
* Алғашқы 6 айда тек ана сүтімен қоректендіру ұсынылады.
* 6 айдан кейін қосымша тағам енгізілгенімен, емізуді 2 жасқа дейін және одан да ұзақ жалғастыруға болады.
Әрбір ана қолдау мен сенімге лайық. Емізуді бірге қолдайық, себебі дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
#ДүниежүзілікЕмізудіҚолдауАпталығы #АнаСүті #ЕмізудіҚолдайық #БалаДенсаулығы #ШуКААОА
